Ақпарат

0
102

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасында қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген. Бұл күнді белгілеу–отбасындағы көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді.  Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы –адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.

Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы — әр елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажет, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Бұл айтулы, маңызды күнді атап өтуде Алатау ауданына қарасты  № 23 қалалық емхана қызметкерлері де ат салысты. Бүгін, «Ұлы жол үйінің табалдырығынан басталады» атты ұранмен жас отбасылар арасында сайыс өткізіп, психолог және әлеуметтік қызметкерлер отбасы құндылықтары туралы ақпараттар берді. Іс шара барысында, қатысушылар болашақта балаларын қандай маман ретінде көретін суретке салу арқылы көрсетіп, балалардың мақсатына жетуіне ықпал ететін факторларды айтудан, баланы мектепке дайындау барысын, өp өнерлерін көрсетіп, сайысқа түсті. Тақырыпқа сай, балалардың сүрет көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның соңы жалпы флеш-мобқа ұласты