Ақпарат

0
151

31 шілде 2023 жылы Алатау ауданында орналасқан № 23 қалалық емханада емхана қызметкерлерінің Ұлжан-1 ы/а тұрғындарымен кездесуі өтті. Іс шара барысында №23 ҚЕ-ның директоры Ашен С.А. МӘМС-ға кеңінен тоқталып, мемлекет тарапынан сақтандырылған азаматтар туралы ауқымды ақпарат берді, сондай-ақ, МӘМС төлем жарнасы қалай жүргізілетінін, тұрғындар  үшін МӘМС аясында көрсетілетін көмек пакеттері туралы айтты.Тұрғындар тарапынан қойылған медициналық, әлеуметтік сұрақтарға толықтай жауап беріліп, «Қоғамдық ақпараттандыру мониторинг механизмі және тұрғындармен кері байланыс» жобасы аясында тұрғындармен тоқсанына бір рет кездесу ұйымдастырылатын болып шешілді. Құрамына екі тұрғын енгізілді және тұрғындардың өтінішімен айына бір рет емхана қызметкерлерімен кездесу өтіп, туындаған сұрақтар талқыланып, қарастырылатын болды