Ақпарат

0
109

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты № 23 Қалалық емханасы 2023 жылдың 04 шілдесінде туберкулез дертінің алдын алуға бағытталған  іс-шаралар жөнінде аталмыш емхананың қызметкерлері арасында Алатау ауданы СЭББ мамандарының, фтизиатр дәрігерлердің,  № 23 Қалалық емхананың аумағына қарасты білім беру ошақтарының  мейірбикелері және бала-бақша меңгерушілерінің қатысуымен «Туберкулездің алдын алу» атты жиналыс өткізді. Іс шара барысында, фтизиатр мамандар , туберкулез дерті туралы толық ақпарат бере отырып, ауру белгілері, таралу, дертпен  күресу жолдары және асқынулары жайында кең ауқымда мағлұмат берді. Сондай-ақ балалар арасындағы туберкулез дертінің алдын алуға жіті тоқталып, уақытылы алынған екпелердің  маңыздылығын талқылады