Балаларды қорғау күні

0
131

Бүгін,  №23 қалалык  емханада, емхана  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым- балаларды қорғау  күніне  арналған ауқымды  іс-шара өтті. Іс- шараға қызметкерлер танымал мульт-сериалдар кейіпкерлерінің киімдерін киіп арнайы дайындалып, балалардың қатысуымен  «Менің Отаным» , «Бақытты балалық шақ» атты сурет көрмесін ұйымдастырды , аталмыш емхананың мейірбикесі-аквагрим шебері Шолпан Жақсылық балалардың бетіне сүрет салып қуантты, сонымен қоса, балалардың ән, би жарысы өтті, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, емхана қызметкерлерінен құралған мультидисциплинарлы топ  мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып профилактикалық тексеру жүргізіп, құттықтап қайтты

 

№23 қалалық емхана