Ақпарат

0
169

Ағымдағы жылдың 30- шы қаңтарында Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық емхана бас дәрігері  Сауле Ахатқызы Ашен 2022 жылдың жұмыс қорытындылары туралы есеп берді. Қорытынды есеп беру жиналысына аталмыш емхананың қызметкерлерімен қатар Алматы қаласы Денсаулық басқармасынан басқарма басшысының орынбасары Назгүл Мелісқызы, бақылаушы кеңесінің мүшелері арнайы қатысты. Назгүл Имангалиева бас дәрігердің есебінен кейін сөз алып, есеп аясында сұрақтар қойып, сөз соңында, емхана басшылығына және қызметкерлерге атқарған жұмыстарына ризашылығын айтып, алғыс білдіріп, алдағы уақытта да жақсы жетістіктерге жетуіне тілек білдірді. Гүлнар Искакова сөз алып, емхана ұжымының атқарып жатқан шаруалары аз емес екенін тілге тиек етіп, басталған жұмыс біреу болғанымен, ырысы ортақ екенін айтып, қызметкерлерге халық денсаулығын сақтауда артылған үлкен жауапкершілік жолында толағай табыстар тіледі



№23 қалалық емхана