№ 23 Қалалық емхананың «САМҒА» Жастар Денсаулық орталығының мамандары жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізуде

0
211
№ 23 Қалалық емхананың «САМҒА» Жастар Денсаулық орталығының мамандары жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізуде

Бүгінде Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты № 23 Қалалық емхананың «САМҒА» Жастар Денсаулық орталығының мамандары жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану, оның ішінде дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің зияны мен зардаптары, денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізуді жалғастыруда. Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша, 2022 жылдың 08,15 қарашасында № 152, 166 мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, оның ішінде жеке қыз балалар арасында семинар- тренингтер өткізді. «Осындай іс-шаралардың профилактикалық тұрғыда жастарға  берері мол»- деп есептейді мамандар, түзетуге келетін факторларды уақытылы түзеп, әр баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге қоғам болып ат салысу қажет деп тұжырымдайды. Жеке деңгейдегі алғашқы профилактика алдымен отбасында, мектепте, әрмен қарай медициналық ұйымдарда  іске асырылады және баланың болашағы үшін жоғарыда айтылған іс-шаралардың пәрменді әсері зор болмақ.