Алматыда медицина қызметкерлері «Екі жұлдыз» байқауында эстрада жұлдыздарымен бірге ән айтты

0
229
Алматыда медицина қызметкерлері «Екі жұлдыз» байқауында эстрада жұлдыздарымен бірге ән айтты

Ағымдағы жылдың 11 маусымында  Медицина қызметкерлері күніне орай , Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық  басқармасының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында  «Екі жұлдыз» байқауының 2 кезеңі өткізілген болатын. Байқауға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, продюссер Арман Дүйсенов және  ақын, әдебиеттанушы Ернат Ысқақ, ҚДБ өкілі Жайна Кенжалина, «Қалалық кардиология орталығының » директоры Алмат Қодасбаев , «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының»  бас дәрігері  Абай Құсаинов  төрелік етіп, төрешілердің шешімімен , ақтық сынға Алатау ауданынан қатысқан, № 23 Қалалық емханасының орта медицина қызметкері  Мұқаш Айдана, Медеу ауданынан қатысқан , № 1 Қалалық емхананың орта медицина қызметкері Құлахмет Болат , Наурызбай ауданынан қатысқан, № 36 Қалалық емхананың аға мейірбикесі Төлеубекова Жанар  жолдама алған.

2022 жылдың 18 маусымында ақтық сыннан әріптесіміз  Мұқаш Айдана және эстрада жұлдызы Салтанат Құдайбергенова сүрінбей өтіп, бас жүлдені жеңіп алып Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық  басқармасының атынан Түркияға дем алысқа жолдамаға иеленді . Әріптесімізді  шын-жүректен құттықтаймыз және болашақта алар асулары көп болсын демекпіз!

Алатау ауданы, соның ішінде № 23 Қалалық емхана әрқашанда алда!

№23 қалалық емхана