Емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шара өтті

0
310
Емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым - балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шара өтті

Бүгін,  №23 қалалык  емханада, емхана  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау  күніне  арналған ауқымды  іс-шара өтті. Іс- шараға қызметкерлер танымал мульт-сериалдар кейіпкерлерінің киімдерін киіп арнайы дайындалып, балалардың қатысуымен  «Менің Отаным» , «Бақытты балалық шақ» атты сурет көрмесін ұйымдастырды , аталмыш емхананың мейірбикесі-аквагрим шебері Шолпан Жақсылық балалардың бетіне сүрет салып қуантты, сонымен қоса, балалардың ән, би жарысы өтті, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, емхананың бас дәрігері  Ашен  Сәуле  Ахатқызы, профилактика және психо-әлеуметтік көмек беру бөлім  меңгерушісі  Жампозова Салтанат Жансеркеевна, «Аманат  23» бастауыш партия ұйымының төрайымы  Берікбаева Гүлмира Сағатбековна бастаған топ  мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып құттықтап,  тәтті  себет сыйға тартты және № 23қалалық  емхананың Кәсіподақ  ұйымы атынан аталмыш ұйымның көп балалы – 14 қызметкеріне, 4- мүмкіндігі шектеулі баларға «Магнум»  сауда орнына ақшалай сертификаттар табыс етілді.

№23 қалалық емхана