Call center: 8 727 341-05-15

12.09.2019 жылы ҚДБ ШЖҚ «№ 23 Қалалық емхана» КМК «Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты жиын өтті. Аталмыш жиынға № 23 Қалалық емхананың қызметкерлері қатысты.

ҚДБ ШЖҚ «№ 23 Қалалық емхана» КМК бас дәрігері С.А.Ашен күн тәртібінің мәселесі бойынша баяндама жасады, өз сөзінде С.А.Ашен, «Қоғамдық бақылау картасы» бағдарламасының негізгі міндеттерін айтып өтті. Мемлекетіміздің әр-бір азаматы қандайда бір заңға қайшы іс-әрекеттерді кездестірсе 1424, 77074741424 номерлеріне хабарлама, аудио және бейнежазбалар жібере алады деді. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» 18.07.2018 жылдыдан № 28 бұйрығына сай азаматтармен «Байланыс көпірін» орнату тұрғысынан мағлұмат берді.

Сондай ақ, баяндаушы : « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, алдын алу шараларын күшейту арқылы «Мәңгілік ел» құруға бет бұрыс жасауға талпынуымыз керек , осы індетті жоюға бірлесе күресіп , жемқорлықтан толықтай ада болуымыз қажет», - деп өз сөзін тұжырымдады.

Рухани байлығымызды арттыру арқылы ғана осы індеттен құтыла аламыз деді баяндамашы.

Семинарға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды, аталмыш емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөнінен орынбасарының айтуынша, тәрбие отбасынан бастау алуы қажет, өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, салт- дәстүрімізді әр баланың санасына сіңіругеруге әрекет жасап, рухани байлығымызды арттыру арқылы ғана осы індеттен құтыла аламыз деді.

Айтылған мәселелерді талқылай келе, ҚДБ ШЖҚ «№ 23 Қалалық емхана» КМК бас дәрігері Ашен Сәуле Ахатқызы қатысушылардың назарына төмендегідей ұсыныс айтты:

  • Денсаулық сақтау Министірінің 28 сәуір 2015 жылғы № 281бұйрығына сай, тұрғындарға АЕК толықтай берілуін қамтамасыз ету
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын күшейту, бұл тұрғыда: заңмен бекітілген тегін берілетін мемлекеттік көмек үшін қызмет алушыдан ақы алуға мүлдем жол бермеу
  • Тұрғындардан мемлекеттік қызмет алу барысында түскен арыз- шағымдарды уақытылы қарап, жауап беру
  • Мемлекеттік қызмет ұсыну саласында қандайда бір заң бұзушылық фактілері байқалса, оны дер кезінде жоюға әрекеттену қажет және сол фактілер бойынша жоғарыда айтылған телефон номерлеріне қоңырау шалу

Бас дәрігер С.А.Ашен



10.04.2019 г ШЖҚ «№ 23 Қалалық емхана» МКК «Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары жене Алатау ауданының медицина ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен отырыс өтт.



27.04.2018 года в ГП № 23 проведено собрание с участием Оразова С.С- специалиста Департамента Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы, Мазбаевой А.М – Главного врача РМО , Ашен С.А - Главного врача ГП № 23 и сотрудников ГП № 23 на тему:

  • Об Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы Указ Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 986 -Оразов С.С
  • ЗаконО противодействии коррупцииРеспублики Казахстан от 18 ноября 2015 года - Оразов С.С
  • «Адалжол- честный путь» - антикоррупционный марафон в Алматы - Главный врач ГКП на ПХВ «Городская поликлиника № 23» - С.А.Ашен»