Call center: 8 727 341-05-15

Құрметті емделушілер!

ШЖҚ «№23 қалалық емхана» МКК Сіздерге емделушілерді қолдау қызметі және ішкі аудит қызметі жұмыс істейтінін хабарлайды.

Емделушілерді қолдау қызметінің мақсаты- мәселелі сұрақтарды анықтау және болашақта медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру.

Егер Сіз:

  • медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;
  • медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілік көрсеңіз;
  • кепілді ақысыз медициналық көмек көрсету аумағында, Сізден медицина қызметкерлері тарапынан қызметі үшін ақша талап етіп жатса;
  • медициналық қызмет көрсету сапасынан және басқа да мәселелерге тап болсаңыз, Емделушулерді қолдау қызметіне жүгінулеріңізді сұраймыз.

Сіз жазбаша түрде өзіңіздің байланысу ақпараттарыңызды (тегі, телефон, мекен-жай) жазып емхананың кіре берісінде орналасқан «Ұсыныс және шағым жәшігіне» салуыңызға немесе «Бас дәрігердің блогына» gp23.kz жазуға болады.

Емделушілерді қолдау қызметі Сіздің мәселеңізді 5 күнтізбе күнінде қарастырып Сіздің мәселеңіздің жауабының қорытынды ақпаратын айтады. Біз медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда Сіздердің ұсыныстарыңызға, пікірлеріңізбен тілектеріңізге, көмектеріңізге риза боламыз.

Жауапты тұлғалар:

Эксперт дәрігер - Нұрбекова Динара Балгабековна
Эксперт дәрігер - Бихалиева Бибигул Бихалиевна

Сенім телефоны: +7 (727) 247-13-53
+7 (727) 269-39-02