Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған адамның ағзасы вируспен кездескенде, оны жоюға дереу күш жұмылдырады, яғни аурудың дамуына және асқынуына жол бермейді.
Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап ресейлік "Спутник V" вакцинасымен індетпен алғы шепте күресіп жүрген № 23 Қалалық емхананың медицина қызметкерлері мен қоса педагогтар егілген болатын.
№ 23 Қалалық емхана қызметкерлері COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үн-парақшалар таратуды жалғастыруда.